Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ

Қыркүйек айының он тоғызына арналған ауа-райы…

2017 жылдың қыркүйек айының он тоғызыншы жұлдызына арналған ауа-райы болжамы (аймақтар…

Қыркүйек айының он сегізіне арналған ауа-райы…

2017 жылдың қыркүйек айының он сегізінші жұлдызына арналған ауа-райы болжамы (аймақтар…

Өрт жағдайы орын алды

Бүгін Өскемен қаласындағы «Алтай құрылысшысы» саяжай қоғамында өрт шықты.…

Басты бет > Басқарма туралы > Басқарманың ережесі

КҮНТІЗБЕ

Кырқүйек 2017
ДүСеСәБеЖұСенЖе
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Басқарманың ережесі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2013 жылғы « 26 » шілде
№ 188 қаулысына
2 қосымша


«Шығыс Қазақстан облысының
жұмылдыру дайындығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, облыстық ауқымдағы аумақтық қорғаныс салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілет берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Шығыс Қазақстан облысы басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 23.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Басқарманың миссиясы облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық қорғаныс жүйелерін қамтамасыз етуді, дамытуды және жетілдіруді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау болып табылады.
14. Басқарманың өз құзыреті шегіндегі негізгі міндеттеріне:
1) облыстық жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін қамтамасыз ету және жетілдіру;
2) аумақтық қорғанысты дайындау;
3) Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен және Үкіметінің қаулыларымен, облыс әкімдігінің қаулыларымен, облыс әкімінің шешімдерімен және өкімдерімен белгіленетін басқа да міндеттер жатады.
15. Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін Басқарма өз құзыреті шегінде төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:
1) облыс аумағында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету («Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы);
2) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсету, облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысу («Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы);
3) әскери міндетті азаматтарды бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру («Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы);
4) облыс аумағындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету («Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы);
5) облыс аумағында жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және бекіту, жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізу («Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы);
6) облыс аумағында жұмылдыру дайындығын жүргізу мақсатында ұйымдармен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге шарттар (келісімшарттар) жасасады («Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы);
7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді («Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы);
8) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға экономиканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізу («Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 9) тармақшасы);
9) аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу («Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 10) тармақшасы);
10) азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету («Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27-бабы 3-тармағы);
11) ШҚО ҚІД әскер қатарына шақыру (жиын) пунктімен қамтамасыз ету, оларды дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз ету («Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27-бабы 3-тармағы);
12) аумақтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) Басқарманың мынадай құқықтары бар:
облыстық басқармалар, аудандық және қалалық атқарушы органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларын (келісім бойынша) Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер жөнінде тыңдау;
Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау үшін қажетті ақпараттарды және мәліметтерді (оның ішінде компьютераралық байланыс арнасы бойынша) облыстың мемлекеттік статистика органдарынан, облыстық басқармалардан, аудандық және қалалық атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен сұрау және алу;
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық қорғаныс мақсаттары үшін мемлекеттік, ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат тарату құралдарын белгіленген тәртіппен пайдалану;
облыс әкіміне жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғанысты жетілдіру туралы ұсыныстар енгізу.
2) Басқарма міндетіне:
жергілікті әскери басқару органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен шақыру (жиын) пункттерін ұстау бойынша өзара іс-қимыл жасау;
жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғанысты жетілдіру жатады.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.
18. Басқарма бастығын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Басқарма бастығының өкілеттігі:
1) Басқарма қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
4) Басқарма актілеріне қол қояды;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және басқа да ұйымдарында Басқарма мүддесін білдіреді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндетті және бұл үшін дербес жауапкершілікте болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибесіне, қабілетіне және кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарма бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 4. Басқарманың мүлкі

20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітіліген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Нравится ли вам наш сайт?

Отлично!

Хорошо

Средне

Плохо

Сайт ужасен