Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ

Қыркүйек айының он тоғызына арналған ауа-райы…

2017 жылдың қыркүйек айының он тоғызыншы жұлдызына арналған ауа-райы болжамы (аймақтар…

Қыркүйек айының он сегізіне арналған ауа-райы…

2017 жылдың қыркүйек айының он сегізінші жұлдызына арналған ауа-райы болжамы (аймақтар…

Өрт жағдайы орын алды

Бүгін Өскемен қаласындағы «Алтай құрылысшысы» саяжай қоғамында өрт шықты.…

Басты бет > Баяндамалар мен есеп берулер

КҮНТІЗБЕ

Кырқүйек 2017
ДүСеСәБеЖұСенЖе
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Баяндамалар мен есеп берулер

Командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізу туралы

 

        Облыс әкімі бекіткен 2017 жылға республикалық, облыстық командалық-штабтық, кешенді оқу-жаттығулар, штабтық жаттығулар жоспарына сәйкес, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған және қаупі төнген жағдайда авариялық-құтқару қызметтерінің, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның, басқару органдарының іс-әрекеттері» тақырыбында Семей қаласында 28-30 наурыз аралығында ШҚО ТЖ департаментімен бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

 

 

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

 

          Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 449 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы №75 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысында кезекті көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.

         Қалалар мен аудандарда қорғаныс істер жөніндегі басқармалар мен бөлімдер және әскер өкілдері әскерге шақырылушыларды зерделеп, алдын-ала іріктеу жұмыстарын атқарды. Әскери бөлімдерге жіберілу үшін командалар облыстық жинақтау пунктінде жасақталады. Онда қалалар мен аудандардан келген әскерге шақырылушылар және әскери бөлімдердің өкілдері үшін уақытша тұруға барлық жағдай жасалған. Әскерге шақырылушылар үш уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, тазалық, тұрмыстық қажеттіліктер бөлмелері жұмыс атқарады. Тәжірибелі дәрігер-мамандар медициналық тексеруден өткізеді. Іріктеу сапасын арттыру мақсатында әскерге шақырылушылар наркологиялық тесттен және «Ақсұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешені арқылы тексеруден өтеді. Әскерге шақырылушылармен тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық жұмыстары, ата-аналар арасында түсініктеме жұмыстары ұйымдастырылған.

        Әскерге шақыру барысында облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқармалары және бөлімдерімен, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе әскерге шақырылушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына салтанатпен шығарып салу шаралары жоспарланған.

 

 

Наурыз мейрамы атап өтілді

 

         Халқымыздың маусымдық мерекелерінің бірі - жыл басы тойы - Наурыз болып саналады. 

         Осыған орай «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жұмылдыру дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы атап өтілді. Республика алаңында киіз үй тігіліп, қазанда наурыз көже пісірілді. Басшылық ұжым мүшелерін ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Қазақтың ұлттық тағамдары – қазы-қарта, бауырсақ, бал-бауырсақ әзірленіп, дәстүрлі дастарқан жайылды. Жиналған қауым дастарқаннан ауыз тиіп, наурыз көжеден дәм татты. Ақсақалды қариялар ақ батасын беріп, тілектер айтылды. Мерекелік бағдарлама барысында қызметкерлердің қатысуымен дәстүрлі әндер, қазақтың қара домбырасынан күмбірлеп күйлер төгілді.

         Қазақ халқының ғасырлық дәстүрін дәріптеу мен мейрамның ізгілік мәнін түсіндіру, жалпыадамзаттық құндылықтарды өркендету мен нығайтуға бағытталған шара осылайша ойдағыдай өтті.

 

Әскерге шақыру науқанының 2016 жылғы қорытындысы

 

     Шығыс Қазақстан облысында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 2016 жылы жоспарлы түрде кедергісіз өткізілді.

     Облыс бойынша әскери есепте барлығы – 69457 әскерге шақырылушылар болды. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру тапсырысы Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылы 2173 адам, оның ішінде көктемде – 1061, күзде – 1112 адамды құрады.

      Әскерге шақыру, медициналық комиссиялар толық құрамда жұмыс істеді. Әскерге шақыруды қамтамасыз етуге 2016 жылы жергілікті бюджеттен 291292,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 58845,0 мың теңге қаражат бөлінді.

      Облыстық жинақтау пункті қажетті медициналық құралдармен, жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және мүліктермен толық қамтамасыз етілген. Рентгенологиялық кабинет пен зертхана бар, флюорографиялық және жылжымалы рентгенологиялық аппарат, "АҚ СҰҢҚАР" психодиагностикалық кешен жұмыс істейді. Шаштараз, жуыну бөлмесі, тұрмыстық бөлмелермен жабдықталған, айналы саптық алаң бар. Облыстық жинақтау пунктінде әскерге шақырылушылар кестеге сәйкес үш реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, әскерге шақырылушылармен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары, ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

      Әскерге шақыру науқанын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылды.

      Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес облыстық ішкі істер бөлімдері полиция нарядтары шақырылушылармен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шақыру пункттерінде және басқа да іс-шараларды өткізу орындарында кезекшілік ұйымдастырды. Облыстық жинақтау пунктінде Өскемен қаласы ІІБ қызметкерлерімен бақылау-өткізу пунктінде тәулік бойы жұмыс істейтін пост жұмыс істеді.

       Әскерге шақыру тапсырысы 2016 жылы 100 % орындалды. Әскерге физикалық және моральдық-психологиялық тұрғыдан неғұрлым дайындалған жастар жіберілді.

       Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді табысты шешуде ықпал еткен жергілікті атқарушы органдар, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер, қоғамдық ұйымдардың белсенді бірлескен жұмысы болып табылады.

 

Семей қаласында семинар-кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылдың 19 мамырында Семей қаласында ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Семей, Курчатов қалалары және Абай, Бесқарағай, Бородулиха аудандары әкімдері аппаратының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік-аумақтық бірліктің жұмылдыру жоспарын әзірлеудің негізгі қағидалары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

 

Глубокое ауданында командалық-штабтық
оқу-жаттығу өткізу туралы есеп.

 

         Ағымдағы жылғы мамыр айының 11-нен 13-і аралығында Глубокое ауданы аумағында аудан әкімдігінің және аумақтық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қатысуымен жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.


         Жұмылдыру әзірлігін арттыру, жұмылдыру дайындығы іс-шараларын орындауда командалық-штабтық оқу-жаттығулар басшылығына және қатысушыларына практикалық дағды қалыптастыру, ауданның басқару органдарының, ұйымдар мен кәсіпорындарының, азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайлар туындаған жағдайлардағы жұмысқа әзірлігін арттыру және көшіру командалық-штабтық оқу-жаттығудың мақсаты болып қойылды.


        Командалық-штабтық оқу-жаттығу мақсатына қол жеткізілді. Аудан әкімінің аппараты, әкімдік бөлімдері, аудан ұйымдары мен кәсіпорындары төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда Азаматтық қорғау жүйелерін көшіру іс-шараларын орындау және оларға бақылау жасау бойынша тәжірибе алды. Ауданның басқару органдарының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарының реттілік мәселелері пысықталды, жұмылдыру дайындығының ұйымдастырушылық мәселелерінің бірыңғай түсінігі өңделді.

 

 

 

 

 

 

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды.

 

           Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 229 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында кезекті көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Облыстық, барлық қалалық және аудандық әкімдіктермен тиісті қаулылар қабылданып, әскерге шақыру және медициналық комиссиялар құрылды.


         Қалалар мен аудандарда қарғаныс істер жөніндегі басқармалар мен бөлімдер және әскер өкілдері әскерге шақырылушыларды зерделеп, алдын-ала іріктеу жұмыстарын атқарды. Әскери бөлімдерге жіберілу үшін командалар облыстық жинақтау пунктінде жасақталады. Онда қалалар мен аудандардан келген әскерге шақырылушылар және әскери бөлімдердің өкілдері үшін уақытша тұруға барлық жағдай жасалған. Әскерге шақырылушылар үш уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, тазалық, тұрмыстық қажеттіліктер бөлмелері жұмыс атқарады. Тәжірибелі дәрігер-мамандар медициналық тексеруден өткізеді. Іріктеу сапасын арттыру мақсатында әскерге шақырылушылар наркологиялық тестен және «Ақсұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешені аркылы тексеруден өтеді. Әскерге шақырылушылармен тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық жұмыстары, ата-аналар арасында түсініктеме жұмыстары ұйымдастырылған.


         Әскерге шақыру барысында облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқармалары және бөлімдерімен мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе, 7, 9 мамыр мерекелері қарсаңында әскерге шақырылушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына салтанатпен шығарып салу шаралары жоспарланған.

 

 

 

 

Зайсан ауданының әкімдігін, аумақтық мемлекеттік органдарды және жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс ұйымдарын аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің қатысуымен, азаматтық қорғаныс жүйесін әскери жағдайға көшіру бойынша кешендік оқу-жаттығу өткізілгені туралы есеп

 

2015 жылдың 11-14 қараша аралығында Зайсан ауданында аудан әкімдігімен, аумақтық мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен, жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс сұрақтары бойынша кешендік оқу-жаттығулар өткізілді.

Кешендік оқу-жаттығулардың мақсаты басшылық пен қатысушылардың жұмылдыру шараларын орындаудағы іскерлігін, басқару органдарының, ұйымдар мен кәсіпорындардың, азаматтық қорғаныс қызметтерінің төтенше жағдайлар кезіндегі жұмысқа дайындық денгейін арттыру болды.

Кешендік оқу-жаттығулардың мақсатына қол жеткізілді. Аудан әкімінің аппараты, әкімдіктің бөлімдері, ұйымдар мен кәсіпорындар азаматтық қорғаныс жүйесін төтенше жағдайлар кезіне көшіру жұмыстары бойынша тәжірибе алды. Жұмылдыру дайындығы сұрақтары бойынша басқару органдары бірыңғай түсінушілікке қол жеткізді.

 

Шығыс Қазақстан облысында қауіп-қатерді бағалау және азайтудың пилоттық жобасы туралы


ҚР Білім министрлігі, ІІМ ТЖ комитеті және ЮНИСЕФ қол қойған «Қазақстандағы төтенше жағдайларға балалардың және осал бірлестіктердің өмірге төзімділігін арттыруға қолдау көрсетудің  2015 жылға арналған жоспары»шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің және БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының балалардың осалдығын ескере отырып қауіп-қатер тәуекелдігіне талдаулар жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске асырудың іс-шаралар жоспары келісілді.
Аталған жобаны сынау үшін Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы таңдап алынды, себебі бұл аудан аумағы табиғи және техногендік сипаттағы әртүрлі қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларға аса бейім. Зерттелген аудан Қазақстан Республикасында болуы ықтимал барлық төтенше жағдайларға бейім болып келеді. Аудан күрделі тау рельефі бар сейсмикалық 8 балдық аймақта орналасқан, сондай-ақ, өзендер мен су айдындарының көптігімен, қыс кезеңіндегі ауа райының күрделілігімен (боран, ауа температурасының төмендігімен, қар жамылғысының қалың түсуімен) ерекшеленді.


Қауіп-қатерлерді бағалау әдістемесін және оларды азайту жөніндегі іс-шараларды анықтау бойынша бірыңғай ұсыныс жасау үшін облыстық және аудандық деңгейлерде жұмыс топтары құрылды. Топтар құрамына мүдделі мемлекеттік органдар – ТЖ, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, экономика және бюджеттік жоспарлау, аудан әкімдіктері, жергілікті оқу орындары, жергілікті қызыл крест және жарты ай қоғамдастықтары өкілдері кірді. Облыстық жұмыс тобын ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы Е.Ә. Сәрсембинов басқарды.


Проблемаларды тереңдетіп зерделеу үшін ЮНИСЕФ өкілдігі қоғамдастық қызметі саласындағы әртүрлі мәселелерді аналитикалық талдау, бағалау, зерттеу саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар ұйым ретінде «Зубр» консалтингтік орталығын жұмысқа тартты. Бірлескен жұмыстардың әртүрлі кезеңдерінде жұмыс отырыстары өткізіліп, осал нысандарға тексерулер жасалды, жалпы ақпарат анықтамасы жиналды, қауіп-қатерлерге талдау жасалды, ТЖ, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық салалары сияқты секторлардың мәселелері қаралды.


ЮНИСЕФ-тің орталық және жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ жергілікті және халықаралық сарапшылармен бірлесіп жүргізілген үлкен жұмыс қауіп-қатерлерге терең талдау жасауға, басымдықтарын анықтауға және қоғамдастықтар мен балалардың табиғи және техногендік апаттарға осалдығын төмендету жөнінде келісілген ұсыныстарды жоспарлауға мүмкіндік берді.

2015 жылы 11-13 қараша кезеңінде Минск қаласында (Белоруссия) ЮНИСЕФ Орталық Азия және солтүстік Кавказ елдері үшін апаттарды азайту және бағалау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық семинар ұйымдастырды. Семинарға Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан делегаттары қатысты. Қазақстан делегациясын ІІМ ТЖ комитетінің, Білім министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысынан ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы – Е.Ә. Сәрсембинов, «Зубр» СКФ басшысының орынбасары – Ю. Натарова, Зырян ауданы Зубов кентіндегі орта мектептің АӘД және ӨҚН мұғалімі Климов В. В. қатысты.


Жұмыс тобы қауіп-қатерлер тәуекелдігіне жүргізген сараптау қортындысы бойынша ұсыныстар жасады, аталған ұсыныстар аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларына секторлар бойынша бөліп енгізілуімен қауіп-қатерлер тәуекелдігін азайту мәселелері мен шараларын енгізу үшін тиісті жауапты мемлекеттік органдарға мәлімденді.

 

 

Әдістемелік сабақтар

«Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы басқармасы»  мемлекеттік мекемесінде 2015 жылдың 29 қазаны  мен  5 қарашасы аралығында жұмылдыру дайындығын жоспарлауға және 2016-2020 жылдарға жұмылдыру жоспарын әзірлеуге дайындық кезеңі аясында әдістемелік сабақтар өткізілді. Сабаққа  қалалар мен аудандардағы жұмылдыру жұмыстарына жауапты мамандар тартылды.

 

 

 

«Қыс-2015» РКШО жөніндегі ақпарат

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды және басқару органдарын, күштерімен құралдарының дайындығын жетілдіру мақсатында 2015 жылдың 4-6 қараша аралығында «Қыс 2015» Республикалық командалық-штабтық оқу жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 4 қарашасында АҚ облыстық қызметтерінің байқауы болды, жол-құрылысы, қартазалағыш және көмекші техникалар, ШҚО ТЖД мобильді жедел топтарының қыс мезгіліне төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға әрекет жасауға дайындығы тексерілді. Негізгі бөлімшелермен төтенше жағдайларда әрекет ету жөніндегі арнайы-тактикалық оқулар өткізілді. Облыстың аудандары мен қалаларында қыс кезеңіне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың уақытылы және сапалы дайындығы жөніндегі шаралар жүргізілді. Республикалық командалық-штабтық «Қыс 2015» оқуын жүргізу жұмысына облыс әкімінің орынбасары Д.А. Гариков қатысты.

 

Әскерге шақыру

     «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 31 бабына сәйкес, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қакзақстан Республикасы Президентінің   2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 Жарлығы және «2015 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 68 қаулысы негізінде ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап күзгі әскерге шақыру басталды. Облыстың әскерге шақыру пунктінде облыстық әскерге шақыру комиссиясының отырысы күнделікті өтеді.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Бас штабының тапсырмасына сәйкес күзгі әскерге 968 азаматты шақыру жоспарлануда. 2015 жылдың 30 қазанындағы жағдай бойынша жастардан құралған 6 команда жинақталды және әскери борыштарын өтейтін орындарға жіберілді.

Зырян ауданында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу туралы есеп

Ағымдағы жылғы қазан айының 14-нен 16-на дейінгі кезеңде Зырян ауданы аумағында аудан әкімдігінің және аумақтық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қатысуымен жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Жұмылдыру әзірлігін арттыру, жұмылдыру дайындығы іс-шараларын орындауда командалық-штабтық оқу-жаттығулар басшылығына және қатысушыларына практикалқ дағды қалыптастыру, ауданның басқару органдарының, ұйымдар мен кәсіпорындарының, азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайлар туындаған жағдайлардағы жұмысқа әзірлігін арттыру және көшіру командалық-штабтық оқу-жаттығудың мақсаты болып қойылды. 

Командалық-штабтық оқу-жаттығу мақсатына қол жеткізілді. Аудан әкімінің аппараты, әкімдік бөлімдері, аудан ұйымдары мен кәсіпорындары төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда Азаматтық қорғау жүйелерін көшіру іс-шараларын орындау және оларға бақылау жасау бойынша тәжірибе алды. Ауданның басқару органдарының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарының реттілік мәселелері пысықталды, жұмылдыру дайындығының ұйымдастырушылық мәселелерінің бірыңғай түсінігі өңделді. 

Ұлан ауданында өткізілген кеңестің есебі

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығының 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес ауылдар мен ауылдық округ әкімдерімен жұмылдыру дайындығы мамандарымен, Ұлан ауданының аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы әскери есепке алуды ұйымдастыру және әскериміндеттілерді брондауды мемлекеттік органдар мен мекемелермен кеңес өткізілді.

 

Кеңестің мақсаты әскериміндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алуды бақылау, мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін әскериміндеттілерді брондауды ұйымдастыру.

 

Ауылдық және ауылдық округтер әкімдеріне, жұмылдыру дайындығы мамандарына, аумақтық және азаматтық қорғаныс мамандарына  әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алуды жүргізу, негізгі іс-шаралар, әскери міндеттілерді брондаудың шарттары мен тәртібін, лауазымды адамның жауапкершілігі әкімшілік құқықбұзушылық облыс бойынша әскери міндеттілік  әскери қызмет және қорғаныс туралы баяндалды. Ұлан ауданы әкімінің аппаратында әскери есеп және брондау мәселелерінің  бірыңғай түсінігі қалыптастырылды.

 

 

Әскери міндеттілерді әскери есепке алу және брондау

туралы семинар-кеңес

Облыс басшылығының Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығының 2015 жылғы арнап бекіткен жоспарына сәйкес, сондай-ақ әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды  әскери есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру, әскери міндеттілерді брондау жөніндегі жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында, 2015 жылдың 03 шілдесінде Өскемен қаласында  тіркелген облыстық департаменттер және басқарма қызметкерлерімен, кадрлық органдар мамандарымен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте қойылған мақсатқа қол жеткізілді. Кадрлық органдар мамандарына және қызметкерлермен жұмыс қызметтеріне әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды есепке алу және ұйымдастыру тәртібі баяндалды. Әскери міндет әскери қызмет қорғаныс саласында  әкімшілік құқықбұзушылық  үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі баяндалды, әскери есеп және брондау мәселелерінің  бірыңғай түсінігі қалыптастырылды.


 

 

Тарбағатай ауданында  семинар-кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың15 мамырда Тарбағатай ауданында «ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының» жұмыс жоспарына сәйкес Зайсан, Көкпекті және Тарбағатай аудандары әкімдері аппаратының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік-аумақтық бірлігінің жұмылдыру дайындығы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

 

 

 

Семей қаласында семинар-кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Семей қаласында «ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының» жұмыс жоспарына сәйкес Семей, Курчатов қалалары және Абай, Бесқарағай, Бородулиха аудандары әкімдері аппаратының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік-аумақтық бірлігінің жұмылдыру дайындығы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.