Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ

«Қоныс-2018» республикалық командалық-штабтық…

Ауа-райы болжамы

Шілде айының 17 жұлдызына арналған ауа-райы болжамы

Ауа-райы болжамы

Шілде айының 16 жұлдызына арналған ауа-райы болжамы

Басты бет > Әскери өмір > Мақалалар > Сарбаздар санының кемуіне не себеп?

КҮНТІЗБЕ

Тамыз 2018
ДүСеСәБеЖұСенЖе
  
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
  

Сарбаздар санының кемуіне не себеп?

 «Әскердегі «дедовщина»», «әскердегі әлімжеттік». Бұл ұғымдардың «әскери қызмет» дегенді ауызға алғанда қатар аталатын стериотип болып санамызға сіңгені соншалық, Отан алдындағы борышын ерікті түрде өтегісі келетін азаматтарымыздың қатары күн санап кеміп отырғаны жасырын емес.

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, физикалық және психологиялық денсаулығы жарамды 18-27 жас аралығындағы әр қазақстандық ер азамат бір жылдық әскерде отан алдындағы азаматтық борышын өтеуі керек. Белгілі бір деңгейде денсаулығында кінәрат бар азаматтар ғана ақылы түрдегі қырық күндік әскерге қабылданады. Не себепті қазіргі күні қырық күндік әскери қызметтегілер қатары бір жылдық әскердегі сарбаздар санын басып озатындығын Шығыс Қазақстан облысы қораныс істері жөніндегі департаметтің баспасөз хатшысы Шынар Дюсупова түсіндірді.

-         Соңғы жылдары денсаулығында кінәраты бар жастар қатары өте көп болғандықтан, олар өз міндетін қырық күндік әскерде өтеуге мәжбүр, - дейді ол.

Бұл қатарға жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитындарды және қосыңыз. Қазіргі күні ер азаматтарға әскери билеттің қажеті шамалы дейтіндер тағы бар. Мәселен, Facebook әлеуметтік желісінде жүргізген арнайы сауалнамамызға «Менің жұмысыма әскери билеттің керегі жоқ. Сондықтан, әскерге баруымның қажеттілігін көріп тұрған жоқпын» деп өз пікірін білдірді Арман Асылханов (есімі өзгертілді). Ал аталмыш желінің енді бір қолданушысы, Күршімдегі шекара қызметінің 2535 әскери бөлімде жауынгер болған Ержан Тотанов «Әскерге барып, Отан алдындағы борышыңды қорғау – өз елімнің патриотымын деген әр азаматтың парызы. Әскери қызметті көрген азамат Отанды қорғауды, кез-келген қиыншылықты мойымай жеңіп шығуды үйренеді. Әскер шыңдайды, тәрбиелейді. Сондай-ақ, онда ешқандай «дедовщинаның» жоқ екендігін айтқым келеді. Сыйластық пен бауырмалдықтың әдемі үлгісін көрдім» дейді ол.

ШҚО жұмылдыру дайындығы

                                                                                                                       басқармасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

Нравится ли вам наш сайт?

Отлично!

Хорошо

Средне

Плохо

Сайт ужасен