Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ

«Қоныс-2018» республикалық командалық-штабтық…

Ауа-райы болжамы

Шілде айының 17 жұлдызына арналған ауа-райы болжамы

Ауа-райы болжамы

Шілде айының 16 жұлдызына арналған ауа-райы болжамы

Басты бет > Әскери өмір > Мақалалар > Әскерге барып, не ұттым?

КҮНТІЗБЕ

Тамыз 2018
ДүСеСәБеЖұСенЖе
  
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
  

Әскерге барып, не ұттым?

... Ата-анам, інім, достарым және ол. Әскерге аттанарымда жасалған сурет еді бұл. Азаматтық борышымды атқаруға бара жатқан мына мен үшін жүздеріне мақтаныш ұялаған әкем мен інім, жұртқа жылы күліп қойғанымен, жүрегінің түбінде қуаныштан бұрын қорқынышы басым тұрған анам, әркез жанымнан табылатын жан достарым және қол жетпес сол арудың мені әскерге шығарып салуға келгені. Сол сәтте бойымдағы бар үрей ысылып түскендей әсерде едім.

Ал оған дейін ше? Әскерге шақыру қағазы келген күні. Сол күнді еске түсірсем, күлкім келеді. Сол күні не қуанарыңды, не мұңаярыңды білмей, екіұдай ойға қалған едім ғой. Бір тараптан, бірінші сынып оқыған кездегі тексеруде, апамның «табанының жалпақтығы жоқ екен, қуанып тұрмын,  әйтпесе, әскерге алынбай қалады ғой» деген бір ауыз сөзінің елесі. Осыдан он бес жыл бұрын әскерге алынбай қалу деген сөздің өзі ұят еді ғой. Ал екінші тараптан? Есейген сайын мықтап санаға сіңген «әскери әлімжеттік» ұғымы және теледидардан естіген бірлі-жарымды «күйбелең» жаңалықтар. Нақты себептері келтірілмесе де, болған оқиға ғой. Туған өлкеңнен жыраққа да кеткің келмейді. Сол кезде, «еһ, жігіт, сені де Қазақстан азаматы дейді ғой. Еліңмен мақтанған сөзіңе болайын» деп өз намысыма өзім қамшы үйірген кезең. Әлде... әлде денсаулығымнан «әдейі» кінәрат таптырып, бір жылдықтан құтылсам ше? Қазір қырық күндік әскерге барып келетіндер көп. Бағасы бір жылдық оқу ақысының құнындай да болмайды ғой. Төрт жыл ақылы оқыған «тәжірибем» бар. Сондай-ақ, енді орналасқан жұмысымнан да ажырамаймын... Алайда, бір жылдық әскерге бармаған соң өзімді Отанымды қорғаушы ретінде сезіне аламын ба? Қажет дағдыларды қалыптастыра аламын ба? Жоқ, бұл жігіттігіме сын. Дәл осы сәтте тегіме кір келтірмейін, әкемді қуантайын деп ұзақ пайымдаулардан соң бір шешімге келген түрім. Үміт пен күдік бойды билеп тұрса да, сыр білдірмеген кезең. Тіпті, мен сүйген арудың бір ауыз құттықтау сөзі сенімділігімді арттырған еді ғой. Бұдан да әскерге барудың бір артықшылығын көргенмін.

Сонымен, бір жылдық әскери қызметтің артықшылығы жайлы өз ойыммен бөліссем.

Әуелі, әскерге бару өз-өзіңе деген сыйластығыңды арттырып, өз-өзіңе тоқмейіл етеді. Өзіңді толыққанды жігіт, еліңнің нағыз азаматы сезіндіртеді. Екіншіден, өзгелер алдында, әсіресе, жақындарың алдындағы беделіңді арттырады. Бұған жұмысқа орналасу барысындағы артықшылықтарды жатқызуға болады. Қазіргі басшылардың барлығы дерлік әскери міндеттерін толыққанды атқарған азаматтар болғандықтан, әскери билеттің бар-жоқтығынан бұрын борышты бір жыл өтегендерге жылы қабақ танытып жатады. Мен көңіліме жақын жаңа жұмысқа жылдам орналасуыма септігін тигізген бір фактор болғандықтан, үшінші артықшылыққа жатқызамын. Төртіншіден, ер жігіт ретінде ысыласың. Бесіншіден, бұрын «әйелдердің шаруасы» таныған істерді өз бетіңмен істеуді үйренесің әрі оған дағдыланып кетесің. Алтыншыдан, үлкен тәрбие мектебінен өтесің. Бұл физикалық, психологиялық, мінез-құлық тәрбиесі. Физикалық жағдайың жөнделіп, бұған дейін спортқа жақын болмасаң, тән саулығына деген өмірлік күтімің пайда болады. Түрлі дағдыларды қалыптастырасың. Қиыншылықтарға мойымайтын боласың. Тек физикалық емес, психологиялық қиындықтарға мойымай, өз-өзіңе тұра алу, ерік күшіңді дұрыс бағытта жұмсауды үйренесің, жағдаяттарды оңтайлы шеше алатын боласың. Кімнің дос, кімнің қас екендігін айырып, жай достар ғана емес, бауырлар табасың. Өз ортаңнан бөлек, жаңа таныстардан жаңа қасиеттерді бойыңа сіңіресің.

Сонымен қатар, бір жыл көлемінде әбден бауыр басып қалған бауырларың елдің түкпір-түкпірінде болады. Демек, қайда барсаң да, құшақ жая қарсы алушылар бар. Бұл – жетінші. Сегізіншіден, басқа жаққа жерсініп үйренесің. Тоғызыншыдан, әскери өмірмен, әскери қызметтің «ішкі кухнясымен» танысасың. Демек, әскерге қатысты шын-өтірік сөздің ара жігін ажырата алатын боласың. Мәселен, бұрыңғы жылдар туралы ештеңе демей-ақ қояйын, бірақ, қазіргі күні әскердегі тәртіптің күштілігі соншалық, «әскери әлімжеттік жоқ» деп айта аламын. Сардарлар жауынгерлер арасында сыйластық пен бауырмалдықтың әдемі үлгісін қалыптастырта біледі.

Ал әскерге бармасаң не болады? Меніңше, алдымен, «жігіттік мәселеде» өз алдыңда да, өзгелер алдында да беделің биіктей қоймас. Екіншіден, өмір бойы қазіргі жұмысыңда қалып-қалмауың екіталай. Жекеменшік компанияның басына күн тууы мүмкін. Ал болашақта қажетсіңіп қалған жұмысыңда әскери билеттің болуы талап етілсе ше? Мұндайда, жас категорияң бойынша әскери қызметке өте алмау қаупің бар. Үшіншіден, өмірің бір арнада ағып жатады, әскерге барып келген соң болатындай жеке бас өзгерістерінің орын алуы елу де елу. Ал адамның ой өрісі мен мінезі өзгерген сайын, өмірі де өзгере беретіндігі және бар. Төртіншіден, тек азаматтық позицияда ой қорытатын боласың. Бесіншіден, жоғарыда атап көрсетілген дағдылардың жетіспеушілігі келешегіңде қажет болуы мүмкін. Және де, соңғысы, әскерден қашқақтау қаупімен жүйке жүйең талай тозуы, қала берді, қалтаңдағы көк ақшадан да қағылу ықтималдығың жоғары.

Әр жерде белгілі бір мәселелердің туындайтындығы белгілі. Мәселелерден қорқып, қашқақтау, жігіттікке жатпайтындығы – бір, одан сабақ алмайтындығың – екі. Толыққанды әскерге баратын алғашқы да, соңғы да адам сен емессің деп ойымды қорытындылағым келеді.

 P.S. Әскерге барып келген жас азаматтың баяндалуымен жазылған.

 

Әсел Асқарқызы

Нравится ли вам наш сайт?

Отлично!

Хорошо

Средне

Плохо

Сайт ужасен