Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ

Ауа-райы болжамы

Маусым айының 13 жұлдызына арналған ауа-райы болжамы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік…

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ауа-райы болжамы

Маусым айының 7 жұлдызына арналған ауа-райы болжамы

Басты бет > Жаңалықтар > «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

КҮНТІЗБЕ

Маусым 2018
ДүСеСәБеЖұСенЖе
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

«Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Өскемен қ., Пермитин к., 23, 414 кабинет, тел.: 8 (7232) 25-46-08, 25-08-16, e-mail: Za.tulebaeva@akimvko.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Шығыс Қазақстан жұмылдыру дайындығы басқармасының аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы(D-O-3 санаты) - 1 бірлік, еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 118 773 теңгеден                   148 242 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: «ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы»,  «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңдары, Таратылуы шектеулі құжаттармен жұмыс жасау ережесі және аумақтық қорғаныс мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер талаптарын орындау. Облыстағы ұйымдарға, облыс қалалары мен аудандары әкімдіктеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша бақылау жасауды және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру. Облыстың жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыруды ұйымдастыру және құжаттарын әзірлеу, оларды іске асыруды қамтамасыз ету, аумақтық қорғанысты басқару жүйелерінің құжаттарын әзірлеу. Аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша жұмылдыра өрістету құжаттарын әзірлеу. Жедел-жұмылдыру жұмыстары іс-шараларын жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, «құқық» бөліміндегі мамандықтар; немесе «техникалық ғылымдар және теннологиялар» бөліміндегі мамандықтар (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі); немесе «білім» бөліміндегі мамандықтар (бастапқы әскери дайындық); немесе «әскери іс және қауіпсіздік» бөліміндегі мамандықтар;

Құзыреттер бойынша талаптар: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
       4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсөткізу туралы хабарландыру «Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ  және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде  құжаттар Өскемен қаласы, Пермитин к.,23 мекен-жайы бойынша «Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ-нің  персоналды басқару қызметіне ұсынылуы қажет. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар  Өскемен қаласы, Пермитин к., 23 мекен-жайы бойынша «Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы басқармасы» ММ-нің  персоналды басқару қызметіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген Za.tulebaeva@akimvko.gov.kzэлектрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
         Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі  конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1)    осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2)    тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
3)    Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
          Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
          Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
    
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
    Шағым жасау туралы ақпарат: Егер конкурсқа  қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда  комиссиясының  шешімі қабылданған  күннен бастап бес жұмыс күн ішінде  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігігің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
         Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
    Ішкі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.  
Анықтама телефондары: 8 (7232)25-46-08, 25-08-16.Электрондық почта Za.tulebaeva@akimvko.gov.kz


«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
________________________
 (мемлекеттік орган)


Өтініш
      
Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

________                                               ___________________________________
  (қолы)                                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған
                                                                                   жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Нравится ли вам наш сайт?

Отлично!

Хорошо

Средне

Плохо

Сайт ужасен