Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ

«Қоныс-2018» республикалық командалық-штабтық…

Ауа-райы болжамы

Шілде айының 17 жұлдызына арналған ауа-райы болжамы

Ауа-райы болжамы

Шілде айының 16 жұлдызына арналған ауа-райы болжамы

Басты бет > Жаңалықтар > Әскери билетті бір ай ішінде алу немесе баламалы әскери қызметтен қалай өтуге болады?

КҮНТІЗБЕ

Кырқүйек 2018
ДүСеСәБеЖұСенЖе
     
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Әскери билетті бір ай ішінде алу немесе баламалы әскери қызметтен қалай өтуге болады?

Азаматтар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  15 филиалында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша    оқудан  белгілі бір төлем үшін ақылы негізде өте алады. 

Ақылы әскери қызметтен кім өте алады?

Ақылы негіздегі әскери қызметтен 24 ден 27 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке жарамды немесе жарамдылығы шектеулі, соның ішінде әскери қызметке шақыру мерзімі кейінге қалдырылған азаматтар өте алады.

Мерзімін кейінге қалдыру:

  • отбасы жағдайлары бойынша;
  • білімін жалғастыру жағдайында;
  • денсаулық жағдайы бойынша;
  • басқа да себептер бойынша ұсынылатынын атап өтеміз

«Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес азаматтарды дайындау ақылы, яғни ақылы негізде Әскери қызметке азаматтарды даярлау ережелері негізінде жүзеге асырылады. 

Бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылған, сондай-ақ оларға қатысты сотқа дейінгі өндірістер  қозғалған шақырылушылар, әскери міндеттілер  оқуға  жіберілмейді. 

Оқыту қалай өтеді?

Азаматтарды әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтар бойынша ақылы негізінде даярлау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі көрсететін  мемлекеттік қызмет болып табылады  

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету  нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы   (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсеті нәтижесі:

1) бірінші кезеңде –  азаматтарды әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылдау туралы хабарлама  немесе мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап:

1) қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың ішіндегі деректердің (мәліметтердің! дұрыс еместігін айқындау;

2)  қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі.

Қызметті алушы төменде келтірілген тізбеге сәйкес  құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.

Қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  3. Жеке әскери-есепке алу құжаты (  тіркеу куәлігі, әскери билеті, уақытша куәлігі (әскери билет орнына);
  4. Білім туралы құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы – салыстырып тексеру үшін);
  5. Әскери қызметке жарамдылығы санаты туралы медициналық куәландыру картасы;

2) екінші кезеңде – әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы  сертификатты беру.

Оқыту құны  263 318 теңгені құрады.

Әскери-техникалық мамандықтарға оқту 35 оқу күні ішінде атқыш, граната лақтырғыш және пулеметші мамандықтары бойынша жүргізіледі. 

Əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді əскери- техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқытудың басталуы мен аяқталуы болып филиал  директорының немесе оның міндетін атқарушының оқуға қабылдау жəне оны бітіру туралы бұйрықтары шыққан күн есептеледі.  

Əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді əскери- техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқыту мерзімі оқу бағдарламаы бойынша алынатын мамандыққаа байланысты белгіленеді.

Бұл ретте әскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді оқыту 1 ақпаннан 20 желтоқсанға дейінгі кезеңде  жүзеге асырылады.   

Оқыту кезеңдері туралы толығырақ  ақпаратты әскери комиссариаттарда нақтылау қажет. 

Әскерге  шақырылушыларды  (əскери міндеттілерді ) даярлау сапасын тексеру үшін оқу аяқталғаннан кейін бітіру емтихандары өткізіледі. Емтихандарды тапсыруға толық оқу курсынан өткен, оқыту бағдарламасында көзделген барлық пәндер бойынша оң бағалар алған  және сынақтарды тапсырған әскерге  шақырылушыларды  (əскери міндеттілер) жіберіледі.

Филиалда оқыту кезеңінде  әскерге шақырылушылар, əскери міндеттілер дала киім-кешегімен (маусымға қарай), үш реттік тамақтандырумен және монша- кір жуу қызметтері бар казармада тәулік бойы тұрумен қамтамасыз етіледі.

Әскери-есептік мамандығы әскери комисариаттармен әскери билетті берген кезде әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқуды бітіргені туралы сертификатқа және алған мамандығына сәйкес  беріледі  

Əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша оқу кезеңінде əскерге шақырылушылардың, əскери міндеттілердің жұмыс орны (лауазымы)  сақталады. Осы кезеңде олар, заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарып жіберілмейді  

Оқудан кейін әскери билет алу

 Ақылы негізде білім алған, бітіру емтиханын табысты тапсырған  әскерге  шақырылушыларға  (əскери міндеттілерге), әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды бітіргені туралы сертификат беріледі.  

Әскери билетті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу үшін, өтінішті толтыру, сондай-ақ өзімен бірге мынадай құжаттар болуы қажет:

Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

Білім туралы құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы – сәйкестендіру үшін);

әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды бітіргені туралы сертификаттың көшірмесі;

30х40 мм өлшемдегі фотосурет – 2 дана (фотосуреттер өтініш иесінің 

жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ын алуға тиіс).

Әскери-техникалық оқу орындарының мекенжайлары және байланыс мәліметтері

р/с №  

 Филиалдардың атауы

Байланыс деректері

Телефондары

1.

Алматы филиалы

Алматы қ., Розыбакиев көш., 105а

+7 (7273) 92-99-01

2.

Ақтөбе  филиалы

Ақтөбе қ., Смағұлов көш., 3

+7  (7132) 40-03-38

3.

Атырау филиалы

Атырау қ., Баймұқанов көш., 80

+7 (7122) 36-36-34

 4.

Өскемен филиалы

Өскемен қ., Гастелло көш., 3а

+7 (7232) 50-31-13

+7 (7232) 50-32-38

5.

Семей филиалы

Семей қ., Ұранхаев көш., 71

+7 (7222) 52-47-71

6.

Орал филиалы

Орал қ., Абылхайыр хан , 6

+7 (7112) 21-21-10

7.

Қарағанды филиалы

Қарағанды қ., Архитектурная көш., 12

+7 (7212) 45-74-53

+7 (7212)  45-89-36

8.

Қызылорда филиалы

Қызылорда қ., Мұстафа Шоқай көш., 132

+7 (7242) 24-72-96

 9. 

Павлодар  филиалы

Павлодар қ.,   Московская көш., 82

+7 (7182) 61-76-89

10.

Петропавл  филиалы

Петропавл қ., Шухов көш., 33

+7 (7152) 51-10-96

11.

Талдықорған  филиалы

Талдықорған қ., Қаблиса жырау көш., 174

+7 (7282) 22-06-92

12.

Тараз  филиалы

Тараз, ул.  Сыпатай батыр көш., 4

+7 (7262) 45-09-27

13.

Түркістан  филиалы

Түркістан қ., Мұнайтпасов көш., нөмірсіз

+7 (7253) 34-33-58

14.

Шымкент  филиалы

Шымкент қ., Майлы-кожа көш., 76

+7 (7252) 43-25-37

15.

Щучинск  филиалы

Көкшетау қ., Әуелбеков көш., 26

+7 (7162) 25-78-97

 

Нравится ли вам наш сайт?

Отлично!

Хорошо

Средне

Плохо

Сайт ужасен