Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ

«Қоныс-2018» республикалық командалық-штабтық…

Ауа-райы болжамы

Шілде айының 17 жұлдызына арналған ауа-райы болжамы

Ауа-райы болжамы

Шілде айының 16 жұлдызына арналған ауа-райы болжамы

Басты бет > Жаңалықтар > Максат Тоқтасынұлы әскери борышын «Айбын» Президенттік полкінде абыроймен өтеуде

КҮНТІЗБЕ

Кырқүйек 2018
ДүСеСәБеЖұСенЖе
     
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Максат Тоқтасынұлы әскери борышын «Айбын» Президенттік полкінде абыроймен өтеуде

 

Шығыс Қазақстан облысының тумасы Мақсат Тоқтасынұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің Астана қаласында орналасқан «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінде жауынгерлік міндетін өтеп жатыр. «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы президентінің және бірінші тұлғалардың қауіпсіздігін, маңызды мемлекеттік нысандардың күзетін жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы әскери құрылым болып табылады.

Мерзімді жауынгерлік қызметті бұл құрамның қатарында атқару жауынгер үшін үлкен мәртебе, асқан жауапкершілік. Жеке құрам қатарына денсаулық жағдайы, мінез-құлық, жеке қасиеттері үздік деп танылған жастар таңдалып алынады.

Мақсат Тоқтасынұлы әскери қызметінің бірінші күндерінен бастап, жауынгерлік өмірдің қыр-сырын үйренуге зор ынтамен кірісті. Өзіне жүктелген міндеттерді атқару кезінде ол белсенді, жауапты азамат ретінде танылды. Отанға деген жоғары патриоттық сезіммен қарулас достарына үлгі-өнеге бола білді. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында командирлерінен үйренген білімдерін қызмет барысында дұрыс қолдана біледі.Жауынгерлік дайындық нормативтерін әрдайым ең үздік бағаларға орындайды.Өзіне сеніп тапсырылған қарудың құрылымын, тактика техникалық сипаттамасын, қызмет көрсету тәртібін жетік меңгергендіктен тыс даярлығында үздік нәтижелер көрсетіп жүр,– деді «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінің командирі Б.Утеуов.

Айта кетсек Мақсат 1995 ж 6 сәуірде ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.Осы ауылдағы К.Нұрбаев атындағы орта мектебінің 2013 жылғы түлегі.   2016 жылы Геодезия және картография колледжін « Геодезия және картография» мамандығы бойынша бітірген.

                                                                                                                                                       

Нравится ли вам наш сайт?

Отлично!

Хорошо

Средне

Плохо

Сайт ужасен