Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ

Қарашаның жиырма біріне арналған ауа-райы…

2017 жылдың қараша айының жиырма бірінші жұлдызына арналған ауа-райы болжамы (аймақтар…

Қарашаның жиырмасына арналған ауа-райы болжамы

2017 жылдың қараша айының жиырмасыншы жұлдызына арналған ауа-райы болжамы (аймақтар…

Қарашаның он жетісіне арналған ауа-райы болжамы

Қарашаның он жетісіне арналған ауа-райы болжамы

Басты бет > Басқарма басшысының блогі

Басқарма басшысының блогі

28.04.2015

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының медиа

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының медиа орталығында Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифингі өтті.

Брифинг ШҚО аумағындағы су тасқыны жағдайына арналды.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері облыс тұрғындарын мазалап жүрген көптеген өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, толық жауап алды.

01.04.2015

Азаматтарды қабылдау

Ағымдағы жылғы 30 наурызда  Семей қаласы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде  Шығыс Қазақстан облысы әкімі азаматтарды қабылдады.

Осы шараның төңірегінде Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы басқарма басшысы көктем мезгілінде жеке меншік үйлерді жер асты суы  басып кету мәселелеріне байланысты 4 жеке тұлғаны қабылдады. Оларға ауызша осы мәселені…

25.02.2015

Жұмылдыру дайындығы басқармасының 2014 жылғы жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау қорытындылары туралы

Өткен жылы басқарманың жалпы және қызметтік жұмысы бекітілген негізгі іс-шаралар жоспарына, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, азаматтық және аумақтық қорғаныс саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылды және жүргізілді. Облыс ауқымындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс жүйелерін қамтамасыз етуді, дамытуды және жетілдіруді және жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберіндегі іс-шараларды орындауды ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау – Басқарманың 2014 жылға қойылған негізгі міндеттері болды. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша: 2014 жылы жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша қалалар мен аудандарда 12 әртүрлі оқу-жаттығулар мен командалық-штабтық жаттығулар өткізілді. Өткен жылдың қыркүйек айында ҚР ҰЭМ ШҚО аумағында үш күндік республикалық әскери-экономикалық оқу-жаттығу өткізді. Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүзеге асыру үшін біздің облысымызға барлық орталық атқарушы органдардан өкілдер келді. Оқу-жаттығуға облыстық департаменттер мен басқармалар, қалалар мен аудандар әкімдіктері, ұйымдар мен кәсіпорындар қатысты. Оқу-жаттығу барысында жедел топ мүшелері 17 практикалық оқу орнын аралап көрді, басқарма автономды режимдегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін байланыс құралдарымен және тіршілікті қамтамасыз етудің барлық қажетті жүйелерімен қамтамасыз етілген, босқындарға арналған дала лагерін өрістетті. Оқу-жаттығуға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді, аталған іс-шараға 500 аса адам және экономиканың 20 объектісіқатысты, барлық деңгейдегі басқару органдарының командалық басқару құрамы тәжірибе алды. ҚР ҰЭМ бағалауы бойынша ШҚО жұмылдыру әзірлігі жоғары деңгейде. Кадрларды даярлау бойынша: Өткен жылы ҚР ҰЭМ Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығының Талдықорған қаласында ұйымдастырған көшпелі курстарынан облыстың жұмылдыру дайындығына жауапты 11 маманы оқудан өтті. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында әскери міндеттілерді есепке алу мен брондау бойынша 60 маман оқудан өтті. Әскери міндеттілерді есепке алу мен брондау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың 846 қызметкері брондалды. Жергілікті атқарушы органдар әскери міндеттілерді есепке алу мен брондау жөніндегі жұмыстарға 90 босатылған қызметкер бөлді. Басқарма 2014 жылдың маусым айында қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жауапты мамандарымен жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді. Қалалар мен аудандардың барлық әкімдіктерінде мамандар-жұмылдыру қызметкерлері және жұмылдыру бөлімшелері бар. АҚ және ТЖ бойынша біліктілікті атттырудың республикалық курстарынан облыстың басшылық құрамының жоспарда бекітілген 47 адам болса, нақты іс жүзінде 50 адам оқудан өтті. ҚР Қарулы Күштеріне азаматтарды шақыруды қамтамасыз ету Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәстебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес біздің басқарма жалпыға бірдей әскери қызметті орындау шеңберіндегі іс-шаралар бюджеттік бағдарламасыныңәкімшісі болып табылады. Басқарма теңгерімінде облыстың әскерге шақыру пунктінің ғимараты тұр, ғимаратқа қызмет көрсету үшін 17 адам жұмыс істейді. 2013 жылы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу үшінжобалық-сметалық құжаттама жасалды, сметалық құны 251 млн. теңгені құрайды.2014 жыл ішінде күрделі жөндеу жүргізу үшін бірнеше рет бюджеттік өтінім берілді, алайда облыс бюджетінде қаражат болмағандықтан ақша бөлінген жоқ. Үнемделген қаражат есебінен ғимаратты ұстау үшін ағымдағы жұмыстар жүргізілді (душ жөнделді, өрт гидранты, жылу жүретін құбырлар, крандар вентильдер ауыстырылды, электр жабдықтарына, жұмсақ төбеге жөндеу жүргізілді, қабырғалар мен есік жақтаулары боялды). Облыстың әскерге шақыру пункті және құрамында 19 медициналық қызметкері бар медициналық комиссия медициналық құрал-жабдықтармен 100% қамтамасыз етілді.Өткен жылдың күз мезгілінде «АК СҰҢҚАР» психодиагностикалық кешені сатып алынды. Барлық әскерге шақырылған азаматтар наркотесттан тексеруден өтті. Әскерге шақырылғандарды үш реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету және оларды әскерге жіберу үшін «Защита» станциясына дейін жеткізу ұйымдастырылды. Өткен жылы Қарулы Күштерді және әскери құрамаларды жабдықтауға – 1706 адам, оның ішінде 821 әскерге шақырылушы көктемде, 885 әскерге шақырылушы күзде шақырылды. Жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыруға облыстық, қалалық және аудандық бюджеттен барлығы 310,5 млн. теңге, соның ішінде 60,7 млн.теңге облыстық бюджеттен бөлінді. Облыстың, қалалар мен аудандардың әскерге шақыру комиссиялары штаттық режимде жұмыс істеді, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру наряды 100% орындалды. Қалалар мен аудандар бойынша әскерге шақыруды өткізумен байланысты іс-шараларды қаржыландыру уақытында және толық көлемде жүргізілді. 2014 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезінде 17984 адам медициналық тексеруден өтті, оның ішінде 15132 адам жарамды, 2852 адам жарамсыз болып танылды, 1774 азамат қосымша тексеруге жіберілді. Медициналық комиссиядан өткендердің жалпы санынан 6104 азаматтың әскер қатарына шақырылуы кейінге қалтырылды және 3414 адам әскерге шақырылудан босатылды. Басқарманың кезекшілік қызметі Басқарма тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі жедел жағдайға, су тасқыны жағдайларына, табиғи апаттарға, ірі өндірітік аварияларға тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Ақпарат қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, жол ұйымдарының диспетчерлік қызметтерінің, ШҚО ТЖД, ШҚ гидрометеорология орталығының жауапты лауазымды тұлғалары арқылы алынады. Жинақталған жедел ақпарат тәулігіне 2 рет сағат 07:00-де және 17:00-де облыс басшылығына жолданады. Басқарма осындай кезекшілік қызметтерді Өскемен, Семей, Риддер және Зырян қалаларында ұйымдастырды. ТЖ талдау 2014 жыл ішінде облыста ТЖ мен оқиғалардың тіркелген саны 1971 құрады, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда олардың саны 8,7%(2013 жылы 1800) өсті.Олардың ішінде ТЖ саны 177жағдайды құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда (159 оқиға) 10,2%өскен. Мұнымен қоса, 111 адам қайтыс болды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда (116 адам) 4,3 %азайған. Сондай-ақ, 14 бала қаза тапты, бұл 2013 жылмен салыстырғанда (8 бала қаза тапқан) 42,9%өскен. АҚ бойынша оқу-жаттығулар Қалалар мен аудандардың АҚ және ТЖ басқару органдарының әзірлігін қамтамасыз ету және тексеру мақсатында өткен жылы ШҚО ТЖ жөніндегі департаментімен бірге 17 оқу-жаттығу, соның ішінде «Көктем – 2014», «Жер-2014» «Қыс-2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар және су тасқыны, өрт, терроризм мен жер сілкінісіне қарсы іс-шаралар бойынша облыстықоқу-жаттығулар өткізілді. Командалық-штабтық оқу-жаттығулар облыс қалалары мен аудандарының 8-де өткізілді.2014 жылдың қыркүйек айында қирататын жер сілкінісі кезіндегі барлық деңгейдегі басқару органдарының іс-қимылдары бойынша «Жер-2014» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Азаматтық қорғаныс объектілері және мүліктері Жұмылдыру дайындығы басқармасының теңгерімінде Азаматтық қорғаныстың 5 объектісі бар. Су тасқынына қарсы іс-шаралар Азаматтық қорғаудың күштері мен басқару органдарының дайындығын және ұсталуын қамтамасыз ету – Басқарма қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.Шығыс Қазақстан облысының көптеген аумағы әртүрлі табиғи апаттар мен зіл-залаларға айтарлықтай бейім келеді. Басқарма мамандары облыс аумағындағы су тасқыны жағдайына тұрақты бақылау жүргізді, қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесіп ТЖ алдын алу бойынша инженерлік қорғау жұмыстарын жүргізуді қажет ететін су тасқыны мен су басуы ықтимал қауіпті учаскелер анықталды. Басқарма 2014 жылы екі рет күзде және көктемде су тасқыны қаупі кезеңі басталар алдындажұмыс топтары қалалар мен аудандарға барды, бұл іссапарлар барысында олар су тасқыны қаупі бар учаскелерді тексерді, гидротехникалық құрылыстар жай-күйіне тексеру жүргізді, қорытындысы бойынша актілер жасалып, ұйғарымдар берілді, олар әкімдіктерге және тиісті мемлекеттік органдарға шаралар қабылдау үшін жолданды.

Нравится ли вам наш сайт?

Отлично!

Хорошо

Средне

Плохо

Сайт ужасен